Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын қарап жатыр. Құжатқа сәйкес, отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары әкімшілік жауапкершілікпен емес, енді қылмыстық кодекспен қарастыралады. Ал іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы сұралмайды. Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі, ақпарат құралдарындағы дәлелге сүйеніп тергеу жүргізе алады. Заң жобасында агрессорды тәртіпке салу нормалары қамтылған. Оны өз отбасынан 1 айға бөлектеп, жағдай ушықса 3 айдан 1 жылға дейін байланысуына тыйым салуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы да ерекше назарға алынған. Жазғы лагерлер мен балалар үйі кез келген уақытта ескертусіз тексерілмек. Ал педофилдер өмір бойы түрмеге қамалады. Заң жобасы 11-ші сәуірде Сенаттың жалпы отырысында талқыланады.
Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сенатқа бұл заң 3 аптадан аса келіп түсті. Содан бері біз 16-дан астам жұмыс топтары өткіздік. Қоғамдық белсенділермен кездестік. Эксперттермен кездестік. Әріптестермен талқыладық. Қоғамдық осы заңға деген үміттеніп отыр қоғам. Өзімнің жеке пікірім бұл заң қабылдануы тиіс.
Айя Мүтәлі