Атырау қаласында оқушылар онлайн оқуға жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласында оқушылар онлайн оқуға жіберілді

10.04.2024
Атырау қаласында оқушылар онлайн оқуға жіберілді

Тасқын қаупі төніп тұрған Атырау қаласында оқушылар онлайн оқуға жіберілді. Түнде өңірлік штаб осындай шұғыл шешім қабылдады. Қазір аймаққа жан-жақтан гуманитарлық көмек тоқтаусыз келіп жатыр. Қызыл судан зардап шеккен Құлсары тұрғындарына 50 тоннаға жуығы жөнелтілді. 

Жандос Темірғали, тілші:

Түнде қырғыз ағайыннан 4 фура жүк келді. Бүгін түсіріледі. Қазір гуманитарлық көмек жинайтын пункте 141 тонна жүк дайын тұр. Волонтерлерден құрылған арнайы штаб, күн түн демей сол шаруаны үйлестіріп жатыр. Өңірлік штаб түнде қаладағы 125 мектептегі 103 мыңнан астам оқушыны онлайн оқуға жіберді. 

ЖАЙЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ ТОҚТАУСЫЗ КӨТЕРІЛІП БАРАДЫ

Жайық деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр. Қаланың өзінде 3 күннің ішінде өзен деңгейі 80 сантиметрден асты. Ирикла су қоймасынан кешегі ақпартқа сай секундына 1670 текше метр су ағуда. Бұл дегеніңіз өзен алабына секунд сайын 1 млн 670 мың литр су құйылып жатыр деген сөз. Бізде өзен жағасын бекітіп, қарекет етіп қалу үшін 15 күндей уақыт бар.

Қазір 9 мыңдай ерікті мен 500 техника тасқынға тосқауыл қою үшін жұмыс істеп жатыр. Жаға бекіту жұмысына Әскерилерде атсалысып жатыр. Қосымша резерв ретінде сарбаздар ақтаудан келеді.

Хабарламаларға жазылу