Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері су тасқынымен күрес кезінде көмек көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері су тасқынымен күрес кезінде көмек көрсетуде

10.04.2024

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері су тасқынымен күрес кезінде көмек көрсетуде. Олар қажет кезде қосымша ресурстар бөліп, техника беріп, сондай-ақ, арнайы қорларға қаражат аударады.

Ал Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, сол кәсіпкерлердің бірқатарымен кездесіп, қазіргі ахуалға қатысты мәселелерді талқылады. Олар келтірілген шығындар туралы айтып, су тасқынына қатысты өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұхбаттасты. Бизнес өкілдері су тасқынымен күресте және қалпына келтіру жұмыстары кезінде көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екендерін айтты.


Хабарламаларға жазылу