Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Лидерлер бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты. Әңгімелесу барысында, президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.
Оңғар Алпысбайұлы