Қостанай облысындағы Алтынсарин ауылы тасқыннан ең көп зардап елдімекендердің бірі. Мұнда 110 үйді су басқан. Бұл сан көбеюі мүмкін. Шығын болған мал-мүліктің есебін жүргізу, әзір мүмкін емес. Себебі, үйлердің дені әлі белуардан суда тұр. Бүгін Алтынсариннің тұрғындарымен осы өңірде жүрген Мәжіліс депуттары кездесті. Өздерінің мұң-мұқтажын айтуға келген елдің қарасы көп. Тұрғындардың дені, шығын дұрыс есептелмей, тиесілі өтемақыны ала алмай қаламыз ба деп алаңдайды. Депутаттар, өз тарапынан көпшіліктің мүддесін қорғап, бірде-бір адамның көмексіз қалмауына күш салатындарын жеткізді. Астанадан келген депуттар тобы, аймақта апта соңына дейін болып, тасқыннан зардап шеккен жұртпен тағы бірнеше кездесу өткізеді.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында депутаттар халықпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/192078/)