Елімізде Отбасын қолдау орталықтары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Отбасын қолдау орталықтары ашылады

11.04.2024

Елімізде Отбасын қолдау орталықтары ашылады. Сенатта талқыланып жатқан әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңда осы мәселе қарастырылған. Жобаға сәйкес орталықтар отбасылық саясатты жүзеге асырады. Яғни, отбасын сақтау, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетеді. Бұл мекемелер мемлекеттік болады, дейді Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бізде қазір кризисный центрлар бар. Яғни, сол кезде ғана кризистік кезді ғана шешетін. Ал бұл қолдау көрсету орталығы. Бұл жерде психологиялық қолдау көрсетеді. Және әлеуметтік жағынан қолдау көрсету нормалары қарастырылған.

Самал Қабышева 

Хабарламаларға жазылу