Ақтөбе облысының тұрғындарына төлем жасау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының тұрғындарына төлем жасау басталды

11.04.2024

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін бағалау жұмыстарының бастапқы қорытындылары алынуда. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев хабарлады. Айтуынша, жергілікті тұрғындарға төлемдер жасау жұмыстары басталды. Біржолғы әлеуметтік төлем бойынша бүгінгі күні мыңнан аса құжат қабылданды. 500-ден аса отбасына 163 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жасалды. Қалған 522 отбасының құжаттары қаралуда. Қазіргі уақытта облыста су тасқынына қатысты жағдай тұрақты деңгейде. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда.

Асылбек Есенбаева, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда 14 елдімекенде 236 абонент электр энергиясынан ажыратулы. Дегенмен барлық тұрғындарға дизельді генератормен тоқ берілуде. Осы уақытта 10 бригада, 60 техника барлық елді мекенде қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Электр қуатын қалпына келтірудің жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес, су деңгейінің төмендеуіне орай 7 күнде жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу