Атырау қаласына 10 арнайы техникалар жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласына 10 арнайы техникалар жіберілді

11.04.2024

Ақтаудан Атырау қаласынада 10 арнайы техника жіберілді. Экскаваторлар, көтергіш көліктер, автобус барлығы да тасқын судан қорғану жұмыстарына ауадай қажет. Игі іске жергілікті ірі мекемелер атсалысқан. Техникалармен бірге, кезекпен жұмыс істеу үшін 20 көлік жүргізуші де аттанды. Бұған дейін Құлсары қаласына аймақтан жеке кәсіпкерлердің арнайы көліктері жіберілген болатын.

Адайбек Қалиев, облыстық Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда сол қаланың жан-жағын дамбы жасап бекітуге бұл өте қажет техникалар. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, осы Маңғыстау облысындағы өндірістік мекемелер бар, жеке кәсіпкерлер бар, Ұлттық компаниялар бар солардың көмегімен, КТЖ-ның платформасымен көмектесіп, сол техникаларды жолға дайындап жатырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу