9 өңірде 30 жоғары оқу орнының қызметкерлері мен студенттері апаттан эвакуацияланып жатқан адамдарға көмектесіп жатыр. Оның ішінде 16 жоғары оқу орнының жатақханасынан жалпы саны 3 мың 820 орын даярланып қойды. Бүгінгі таңда 548 адам орналасқан. Олардың 228-і мектеп жасындағы бала. Резервте тұрған орындардың саны - 3 272. Жатақханаға орналасып жатқан адамдардың дені апат болған аймақтардан. Олар. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. Қазіргі таңда тек Ақтөбе облысындағы бір жоғары оқу орны апатқа байланысты онлайн режимінде сабақ өткізіп жатыр.
Талғат Ешенқұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары:
Студент жастарымыз бен ЖОО қызметкерлерінің қатарынан құрылған 5 мыңнан астам волонтер өз көмектерін көрсетуде. Олар негізінен гуманитарлық көмектерді үлестіру, тарату, тиіп, түсіру, сонымен қатар бөгеттер жасау үшін қаптарға құм толтыру сияқты жұмыстарды жасауда.