Н.Жүсіп: Газеттің орнын гаджет баспауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Жүсіп: Газеттің орнын гаджет баспауы керек

12.04.2024

Газеттің орнын гаджет баспауы керек. Алматыда өтіп жатқан өңірлік мерзімді басылымдар форумында сенатор Нұртөре Жүсіп осы мәселеге ерекше тоқталды. Мемлекет, оқушыларға түрлі танымдық басылымдарға тегін жазылуға мүмкіндік берсе, олардың кітап оқуға ынтасы артады. Ең алдымен, мұны әлеуметтік төлем алып отырған көпбалалы отбасылардың пакетіне енгізуден бастау қажет, - деп санайды депутат. Жиында жергілікті жерлердегі журналистердің әмбебаптығы және аудандық газеттердегі маман тапшылығы мен жалақы мәселесі көтерілді.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Францияда 18 жасқа дейінгі өзінің азаматтарына қалауына қарай жаңағы балалар басылымдарын, жасөспірімдерге арналған басылымдарға жаздырту. Яғни, біз «Қазпошта» арқылы субсидия бөлу арқылы тарату мәселесін жүзеге асырып отырмыз ба, енді сондай қаражатты бөлу арқылы балаларды оқуға тәрбиелеу. Яғни оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне мойын бұру керектігі айтылып жатыр әңгіме.

Шынар Кендін, «Қарақия» газетінің бас редакторы:

Жергілікті жерде газеттерді ұстау үшін, мамандарды шақыру үшін әлеуметтік мәселесін үй мәселесін қараса, айлығын көтерсе және журналистің мәртебесін көтеру жағы қолға алынса деген ұсынысым бар.


Хабарламаларға жазылу