Қостанай облысының Жангелдин ауданында жалғыз жолды су бұзып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жангелдин ауданында жалғыз жолды су бұзып кетті

13.04.2024

Қостанай облысының Жангелдин ауданын сыртпен байланыстыратын жалғыз жолды, су бұзып кетті. Тұтас аудан судың қоршауында қалды. Бұған Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп. Аудандағы 9 елдімекенмен қатынас үзілген. 10 ауылда жарық жоқ. Мамандар жолды жөндеп, байланысты қалыпқа келтіруге күш салып жатыр.

Шота Оспанов, Жангелдин ауданының әкімі:

Арқалық Торғай жолын алдында ұстап тұруға тырыстық. Бірақ су жайылып Тәуішке қауіп төндірді. Сондықтан оны ұстап тұру дұрыс емес деп шештік. Сыртқа шығу үшін Шилі-Милісай-Аралкөл бағытын, оны да бірнеше жерден су бұзған, соны қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу