Атырау облысы Жылыой ауданында инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы Жылыой ауданында инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр

13.04.2024

Атырау облысы Жылыой ауданында жағдай тұрақталып келеді. Қазір инфрақұрылым қалпына келтіріліп жатыр. Құлсарыға барған Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесіп, тасқыннан зардап шеккен аумақтарды аралады. Кешелі бері қаладан 7 мың текше метрге жуық су шығарылған. Бұған 80-ге тарта техника тартылды.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бөгеттер орнатылды, су үлкен лекпен келді. Ол қайда кетеді, ағып кететін жері жоқ. Комиссия құрылып жатыр, біз міндетті түрде бұл мәселені көтереміз. Тергеу жүріп, қылмыстық іс қозғалу керек деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу