Қостанай облысында көпір зақымданып, қозғалыс тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында көпір зақымданып, қозғалыс тоқтады

15.04.2024

Қостанай облысының солтүстігін оңтүстігімен жалғайтын жалғыз жол – Әулиекөл-Жалдама бағытында қатынас тоқтады. Бұған тасқын судың Дәмді ауылының тұсындағы көпірге зақым келтіруі себеп. Көпірді тексерген мамандар оны апатты жағдайда деп таныды. Енді облыстың оңтүстігіндегі Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарына, Ақмола облысының аумағын кесіп өтетін айналма жолмен ғана баруға болады. Бұл бағыт жолаушылар сапарын 300 шақырымға дейін ұзартады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу