Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан кезде күдікті қамауға алынбауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан кезде күдікті қамауға алынбауы мүмкін

15.04.2024

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан кезде күдікті қамауға алынбауы мүмкін. Оның орнына «электронды білезік» тағылып, бақылауда болады. Бұл туралы Жоғарғы сотта «қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі жұмысында құқық қолданудың өзекті мәселелерін талқылау» бойынша кеңесте айтылды.

Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің сөзінше, жалпы жыл сайын тергеу барысында шамамен 11 мың адам қамауға алынады. Олардың тек 6 мыңы абақтыға тоғытылса, қалған 5 мың күдіктіге бас бостандығын шектеу, шартты жаза немесе айыппұл сынды жазалар беріледі. Яғни,ерекше жағдайда күдікке ілінген күдікті ғана сотқа дейін қамауда болуы керек. Ал басқалары заманауи құрылғылармен қатаң бақылауда болмақ. Электрондық білезіктер 2 метрге дейінгі дәлдікпен алдын алу шараларының сақталуын үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса, оларға жұмсалатын шығын қамауда ұстаудан бірнеше есе аз деді.

Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

Тергеу органдары мұны тек кейін пробация кезінде сотталдып кеткеннен кейні шартты жаза не болмаса бас бостандығы шектелегн азаматтарға ғана қолданылады екен. Ал тергеу барысында мүлде қолданылмаған. Бүгінгі жиында бұл тәжірибені қалай өзгерте алатынымызды талқыладық


Хабарламаларға жазылу