Оралда жазасын өтеушілер елдің басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Себебі Жайық өзені тасыған жағдайда №27 орташа тәртіптегі түзету мекемесін су басу қаупі бар. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы сотталғандар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылорда облыстарына пойызбен көшірілгенін хабарлады. Барлығы 700-ге жуық адам. Түрме 1957 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан. Қаланың осы "Коминтерн" деп аталатын аумағын су басу қаупі бар. Қазір Жайық деңгейі 776 см-ге жетті.
Ардақ Мұратқызы