Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды. Президент өңірдің су басқан аумағын тікұшақпен аралап, жағдаймен танысты. Артынша тасқыннан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен жүздесіп, мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. Үйі жарамсыз деп танылғанғандарға қысқа дейін жаңа баспана берілмек. Президент күзде құрылыс жұмыстарын түгел аяқтап, апат салдарын толық жою туралы Үкіметке тапсырма бергенін айтты. Сонымен бірге, су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері жауапты болады. Қасым-Жомарт Тоқаев апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, осындай қиын кезде халықтың бірлігі айқын көрінетінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
Бәріміз бір ел, бір ұжым болып, осы қиындықты міндетті түрде еңсеруіміз керек. +01:38 енді зардап шеккен адамдардың мәселесі біздің назарымызда әрқашанда болады. Әрбір адам Үкіметтің назарынан тыс қалмайды. Барлықтарына біз көңіл аударамыз. бәріміз енді ел болып, бірігіп, міндетті топан судың салдарын еңсеруіміз керек.
Кездесу барысында Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын, бұған дейін қабылданған шешімнің күші жойылатынын айтты. Мемлекет басшысына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қазіргі ахуал бойынша есеп берді. 492 ауылдың 11-ін су шайған. 4 көпір мен 7 жол учаскесі су астында қалды. мыңнан аса электр бағанасы бүлінген. Салдарынан көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электр энергиясымен қамту кезінде проблема туындады. Құмар Ақсақалов өңірдегі бөгеттерді бекіту мен инертті материалдарды төгудің нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған атап өтті.