Солтүстік Қазақстан облысына Павлодардан гуманитарлық көмек жеткізілді. 3 көлікке тиелген аса қажетті заттарды «Аманат» партиясының, Жастарды дамыту орталығы мен университеттердің өкілдері жөнелткен. 20 тонна керек-жарақтың көбі ауыз су. Ыдыс жуатын заттар да бар. Бескөл ауылына су етіктер мен моторлы қайықтар да берілді. Көмекті ұйымдастырушылар қарапайым тұрғындардың белсенділігі өте жоғары, дейді.
Дулат Жұмәділов, «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының меңгерушісі:
Жұртшылық шетте қалмады. Бізде Павлодарда шүкір жағдай тұрақты. Сол себептен азаматтар шынымен көп болды. Көмекке келіп жатқан. Үйінен, дүкеннен бір пакет заттар сатып алып келген азматтар өте көп болды.
Эльмира Кәленова