Алматыдағы автобус апаты: жәбірленушілер моральдық өтемақы төлеуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы автобус апаты: жәбірленушілер моральдық өтемақы төлеуді талап етті

17.04.2024

Алматыда жол бойындағы бір топ адамды қағып кеткен автобус апатына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Кезекті отырыста тағы да куәгерлер тыңдалды. Зардап шеккен тарап материалдық және моральдық өтемақы төлеу туралы жаңа талап қойды.

Отырыста жәбірленушілердің қорғаушысы апат салдарынан ата-анасынан бірдей айырылған Байдуалиевтер отбасына моральдық және материалдық шығынды үш тарапқа бөліп төлеуді сұрады. Яғни, өтеамқаны төлеу айыпталушы, жүргізуші мен «ДуманТранс» автопаркіне міндеттелсін, - деді. Жәбірленуші тарап жүргізуші Шөкебаеваны да жауапкершілікке тартуды талап етті. Еске салайық, 22 желтоқсанда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен болатын. Автобуста жанжал туып, олаушы жүргізушіні соққыға жыққан. Жүргізуші әйел есінен танып, рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапқан еді.


Хабарламаларға жазылу