Маңғыстауға мемлекеттік материалдық қордан көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауға мемлекеттік материалдық қордан көмек жеткізілді

17.04.2024

Маңғыстауға эвакуацияланған атыраулықтар үшін, мемлекеттік материалдық қордан көмек жеткізілді. 240 тонна азық-түлік пен кереует, төсек-орын жабдықтары 14 вагонмен апарылған. Көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, материалдық резервтен бөлінді. Азық-түлік арнайы қоймаға жиналып, қалған заттар индустриалды паркке жіберілді. Енді ол эвакуациялық пункттерге беріледі. Қазір аймақта Атырау облысынан эвакуацияланған 20 мыңға жуық адам бар. Оның 2 мыңдайы уақытша орналастыру пункттерінде.

Пікір Сансызбаев, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:

Мелекеттік материалдық қордан 240 тонна азық-түлік тауарлары өнімдері келді. Оның ішінде 180 т 1-сортты ұн өнімдері. 4 тонна макарондар, 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвапункттерге қабылданған өзге облыстардан келген адамдарға арналған. Қазіргі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. 


Хабарламаларға жазылу