«AMANAT» партиясы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беруді жалғастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беруді жалғастырып жатыр

18.04.2024

«AMANAT» партиясының Абай облысындағы филиалы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін өңірдегі кәсіпорындар 15 вагон құрылыс материалын жөнелткен. 60 тонна азық-түлік те жіберілді. Енді өңірдегі кәсіпкерлер, еріктілер мен қоғамдық ұйымдар жинаған 15 тоннаға жуық жүк Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасыған елді мекендерге бағытталды.

Нұржан Әбдікәрімов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

Алғысымызды барлық аудандарға айтамыз. Бірінші кезекте Үржар ауданына. Осы көмекке 24 тонна заттар жіберелсе, мына Семей қаласынан ерекше атап өту керек. Кәсіпкерлеріміз, облыстық мәслихат, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палата, Достық үйі бәрі атсалысып бүгінгі жүкті Солтүстік Қазақстанға жіберетін боламыз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу