Батыс Қазақстанда құтқарушылар кәсіпорынды тасқыннан қорғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда құтқарушылар кәсіпорынды тасқыннан қорғап қалды

18.04.2024

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар кәсіпорынды тасқыннан қорғап қалды. Бөрілі ауданы, Бумакөл ауылындағы наубайхана аумағына су кіріп, бірнеше елдімекенді нанмен қамтамасыз етіп отырған нысанға қауіп төнді. Маңғыстаулық құтқарушылар, тез арада бөгет тұрғызып, наубайхананы қоршап үлгерді.

Қазір Жайықтың жағасында орналасқан 4 ауданда халықты жарықпен және ауызсумен қамтып отырған стратегиялық нысандарды бөгеттермен қоршау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, өңір бойынша тасқынға қарсы күреске 8 мыңға жуық адам, 1700-ден астам техника жұмылыдырылған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу