Елімізде отбасын қолдау орталықтарының саны артады. Қазір, мұндай 70-ке жуық мекеме бар. Көпшілігі қалада орналасқан. Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілінің айтуынша, бұл демографиялық көрсеткіштерге сай емес. Сондықтан, олардың санын 200-ге жеткізу және аудан орталықтарында да ашу жоспарланып отыр.
Жалпы, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңда, отбасын қолдау орталықтарының заңнамалық мәртебесі бекітілген. Қазір орталықтың жаңа тұжырымдамасы мен ережелері дайындалып жатыр. Құжат, маусымның соңына дейін дайын болады. Ол мекеменің жұмыс істеу форматын бір іздендіруге бағытталған. Тұжырымдаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін қазақстандық және Біріккен ұлттар ұйымының сарапшылары тартылған.
Найла Мұхтарова, ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:
Жоспарлар бойынша бұл орталықтар мемлекеттік форматта жұмыс істейтін болады. Бұл жұмыстар мейілініше, қызмет атқару үшін олардың жұмыстарын және де бизнес процестерінің бәрін автоматтандыру үрдістерін жүргізуіміз керекпіз.
Асылбек Данияр