Сенат ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады

18.04.2024

Сенат ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады. Жаңа құжат ғалымдардың мәртебесін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Енді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын мұғалімдердің жалақысына қосымша ақы төленеді. Әскери борышын өтеп жүрген азаматтарға да, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Ғылымға қойылатын талап та, жоғары. Себебі, жеңіл жолмен қорғаған он PhD-ден гөрі, бір-екі нағыз ғалымды тәрбиелеп шықсақ, елдің ғылымына да, экономикасына да көбірек пайдалы болмақ, -деді Сенат төрағасы. Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен жазылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жаңа нормалар ғалымның мәртебесін көтеруге, ғылыми қызметкерлерді ынталандыруға және талантты жастарды ғылыми қызметке тартуға бағытталып отыр. Жетекші ғалымдарға ғылыми жұмыстарды аяқтау үшін ақылы шығармашылық демалыс алу құқығы қарастырылды. Мақұлданған заң отандық ғылымды және еліміздің білім беру жүйесін одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу