Абай облысының жол қызметкерлері тасқыннан келген шығынды алдын ала есептеуге кірісті. Өңірде Аягөз, Ақсуат пен Көкпекті ауданындағы үш ауылдың көпірін су ағыны бұзып кеткен. Қазір елдімекендерге қайық және айналма жолдармен қажетті азық-түлік жеткізіліп жатыр. Жалпы, жол жиегін, су өткізу құбырларын, жол белгілерін қалыпқа келтіру үшін облыстық бюджеттен 305 миллион теңге бөлінбек.
Асылбек Нұғманов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Су шайған көпірлерді қалыпқа келтіру үшін аудан әкімшіліктері тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Ақсуат ауданындағы Кіндікті ауылында тасқын бұзған көпірді жөндеуге қажет жобалық сематалық құжат дайын. Облыстық маңызы бар жолдардың екі шақырымын су шайып кеткен. Қалыпқа келтіру үшін су деңгейінің төмендеуін күтеміз. Уақытша айналма жолдар қарастырылған.