Қарағанды облысында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер берілді

18.04.2024

Қарағанды облысында тасқын судың кесірінен зардап шеккен отбасыларға толыққанды көмек көрсетілді. Аймақ басшысы қарғын су басқан ауданға арнайы барып, жаңа үйге қоныстанып жатқан тұрғындармен кездесті. Облыс бойынша ондай отбасылардың саны алтау. Ал қалған 54 үйге жөндеу жұмыстарының қаражаты толыққанды берілді. Мал шығыны өтеліп, бір реттік қаржылай көмек көрсетілді. Қазір су басқан учаскелермен, өзен арналарын тазалау жұмыстары басталуда.

Орынбек Жұмажан, Ақсу ауылының тұрғыны:

Үй алып беріп, көмек көрсетіп жатыр. Бүгін ақшасын аударып, көшіреміз деген. Соны күтіп отырмыз. Үй сатам дегесін, бірден «аламыз, үй керек» дедік. Отбасымда әйелім екеуміз, қолымда ұлым бар, 4 немерем бар.

Хабарламаларға жазылу