Су тасқыны: Қазақмыс компаниясы 40 миллиард теңге қаржы бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Қазақмыс компаниясы 40 миллиард теңге қаржы бөлді

19.04.2024

Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмектесу үшін ірі көлемде қаражат аударып жатқандар аз емес. Оның қатарында отандық компаниялар, өнеркәсіп орындары мен мемлекеттік және жекелеген қорлар бар. Екінші деңгейлі банктер мен ірі кәсіпкерлер де су тасқынының салдарын жою үшін миллиондап қаржы қаражат аударып жатыр. Атап айтқанда Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялары 40 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражат балабақша, мектеп, аурухана және тұрғын үйлерді салуға және жөндеуге жұмсалады.

Арман Тілеукенов, «Қазақмыс» корпорациясының ресми өкілі:

Қазақстандықтар бір күш болып, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесіп жатқаннан кейін біз де компания болып, сыртта, шетте қала алмадық. Сондықтан басшылықтың шешімімен 40 млрд, оның алдында 800 млн, гуманитарлық көмек 2 фура 200 тонна ішінде, аяқ-киім, киім-кешек, азық-түлік, басқа да керекті құралдар жіберілген болатын.


Хабарламаларға жазылу