Елдегі статистикаға көпшіліктің көңілі толмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі статистикаға көпшіліктің көңілі толмайды

20.04.2024

Елдегі статистикаға қалың көпшіліктің көңілі толмайды. Себебі, ондағы сандар шынайы деректермен сәйкес келмей жатады. Осындай олқылықтардың алдын алу үшін статистикаға және деректерді басқаруға қатысты заңға өзгертумен, толықтырулар енгізілмек. Мәжілісте осы жобаға қатысты жұмыс тобының отырысы өтті. Депутаттар мен жауапты мекеме өкілдері заңға енгізілуі тиіс тұстарын талқылады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаты: 

Статистика түзу болу үшін, ал статистиканың түзу болу не үшін керек? Ол Мемлекеттік органдардарғы азаматтар дұрыс, тиімді шешім қабылдау үшін бізге дұрыс ақпарат керек. Дұрыс ақпарат болмаса, сен дұрыс шешім қабылдай алмайсың. Сондықтан тиімді шешім үшін шынайы, ашық, дұрыс ақпарат керек. Егер олай болатын болса, бізге тиісті заң керек. Сондықтан біз осы заңды талқылап жатқанымыз осы.
      

Хабарламаларға жазылу