Еуропа кеңесінде Қазақстанмен ынтымақтастық жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа кеңесінде Қазақстанмен ынтымақтастық жайы талқыланды

20.04.2024

Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның демократиялық мемлекет құрудағы бастамаларын жүзеге асыруға қолдау білдіреді. Бұл туралы Страсбургте өткен «Қазақстан Парламенті мен Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясы ынтымақтастығының тәжірибиесі» атты басқосуда мәлім болды. Қос тараптың Парламенттік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына биыл 20 жыл. Шарада қазақстандық сенаторлар Еуропалық әріптестерімен гендерік теңдік, адам құқын қорғау, заңның үстемдік етуі мәселерін қаузады. Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Теодорос Русопулоспен кездесуде депутаттар Қазақстандағы саяси-әлеуметтік, құқықтық реформаларды талқылады.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы әріптестеріміз Қазақстан Парламентінің жұмысына, Қазақстанның балалар мен әйелдерді қорғау туралы заң қабылдағанына жоғары баға берді. Еліміздің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, адам құқын қорғау, демократияны ілгерілету бойынша атқарған жұмыстары жоғары бағаланды.

Жовс Немент, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының депутаты:

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының 22 мүшесі декларацияға қол қойып, Қазақстанмен тығыз жұмыс істеуге міндеттеме алды. 20 жылдық тарихы бар ынтымақтастығымыз бүгінде жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қазақстан Парламентімен осы қатынасымызды әрі қарай тереңдетуге ниеттіміз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу