Қытайдың Гуандун провинциясында толассыз нөсер жауын жауып, өзендер, су жолдары мен су қоймалары тасыған. Лай көшкіні де жүрді. Ауылдар мен егіс алқаптарын су басты. Кейбір елдімекендермен байланыс үзілген. Ауа райы болжамына қарағанда, күшті жаңбыр провинцияда бүгін де жаууы ықтимал. Қауіпті аймақтағы 27 млн адамды қорғау үшін үкімет шұғыл көмек шараларын қабылдап жатыр.
Арай Төлеген