Қостанай облысында тасқын кезінде 25 бағыттағы жолдың 60 учаскесін су басқан. 4 көпір мен 34 суағар құбыры зақымданған. Қазір бүлінген жолдар біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Облыстың оңтүстігіндегі 3 ауданға баратын Әулиекөл – Жалдама бағытында көпір апатты жағдайда болғандықтан қозғалыс тоқтаған еді. Кейін көліктің барлық түрі өтетіндей айналма жол салынды. Көпірдің өзі күзге дейін жөнделіп бітуі тиіс. Алайда Амангелді, Жангелдин аудандарында әлі 8 елдімекенге көлік жүре алмайды. Оның үшеуінің жолын дұрыстау әзір мүмкін емес. Көп бөлігі ағын судың астында. Қалған бес ауылдың жолдары жөнделіп жатыр.
Нұрғали Махмұтов «Қаж-сервис» ЖШС облыстық филиалы директорының орынбасары:
Біз тағы бір аудандық жол – Қызбел ауылына баратын жолды жөндеуге көқмектесіп жатрмыз. Ол жерде 9 техника жұмыс істеуде. 2-3 күнде сол ауылға жол ашылуы тиіс.
Дәуренбек Әбдібек