Судья Бишімбаевтың телефонындағы хаттарды оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судья Бишімбаевтың телефонындағы хаттарды оқыды

23.04.2024

Әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот бүгін қайта жалғасты. Судья айыпталушының телефонындағы хаттарды оқыды. Оның ішінде Салтанат Нүкенова көз жұмған күні Бишімбаевтың балгерге хабарласып, хат жазысқаны айтылды. Енді көріпкелден сотта жауап алынбақ. Айыптаушы тараптың бұл өтінішін судья құптады. Бұдан бөлек, дәл сол күні жедел-жәрдемге хабарласардың алдында экс-министр өзге екі әйелмен хат алмасқаны белгілі болды. Бұған дейін Қуандық Биішмбаевтың телефонындағы видеолар қаралған. Судья Айжан Құлбаева онда марқұм Салтанат Нүкенованың азапталған сәттері бар деп мәлімдеген еді. Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Ал оның туысы, екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырып қалу және хабарламау баптары бойынша айып тағылған.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу