Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

24.04.2024

Қызылорда облысында 115 елдімекеннен Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдайтын кене ошағы анықталған. Сондықтан мамандар далалық жерлер мен қора-қопсыларда зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары аймақта кене көбейген. Былтыр 13 адам Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған. «Негізгі қауіпті аймақтар – қаланың шеті мен іргелес ауылдар», - дейді мамандар.

Айгүл Мусиева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

Бірінші кезең осы қазір жүріп жатыр. Сәуір айының 12-24 аралығында. Бүкіл елді мекендерде өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін механикалық тазалау. Екінші кезеңі 12-24 аралығында жоспарланып отыр. Кене шағудан зардап шеккен 54 адам тіркелді. Олардың барлығы медициналық бақылауға жүгінген. Барлығы амбулаториялық ем қабылдауда.

Әбдібек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу