Су тасқыны: Зардап шеккендердің өтініші онлайн қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Зардап шеккендердің өтініші онлайн қабылданады

24.04.2024

Енді су тасқынынан зардап шеккендердің өтініші онлайн қабылданады. Көмек көрсетуді жеңілдету үшін eGov.kz базасында qoldau.gov.kz порталы ашылды.  Жеке тұлғалармен қатар бизнес өкілдері кез келген өтінішін осы жерден электронды түрде жібере алады. Оның үстіне өтініші бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын онлайн бақылауға да мүмкіндік қарастырылған.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Осы порталдың аясында біз ең алдымен барлық мемлекеттік органдармен уәкілетті органдардың атқарып жатқан істері туралы, қандай көмек көрсетіліп жатыр, қандай шаралар қабылданып жатыр және осы шаралар қалай іске асырылатыны барлығы көрсетіледі. Бұған қорсы барлық деректер уақытылы жаңартылып тиімді форматта көрсетіледі.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу