Тасқын салдарын жою үшін күш біріктіруіміз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын салдарын жою үшін күш біріктіруіміз керек

25.04.2024

Ассамблеяның мақсаты - ауызбіршілікке шақыру. Қазір тасқыннан кейінгі жағдайды дұрыстау үшін атсалысуымыз керек. Ассамблеяның кезекті сессиясына қатысқандар, осындай пікір білдірді.

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі:

Осындай жағдай болғандықтан біздің Президентіміз қаражатымызды үнемдеу керек деп айтып өтті. Әрине бұл өте маңызды мәселе. Өйткені біз қазір бүкіл мүмкіндігімізді біздің азаматтарымызды қайта жағдайды дұрыстау үшін, атсалысуымыз керек. Бір халық болып жұмыс істесек, жұмылып жұмыс істесек, ел қайта қалпына келетініне серпін қосамыз деп айтқым келеді.

Мемлекет басшысы жиында волонтерлердің табиғи апат кезінде қосқан үлесіне айрықша тоқталды. Ассамблея мүшесі, волонтер Элгун Жаналиев бұл еріктілерге күш жігер беретінін айтты.

Элгун Жаналиев, Батыс Қазақстан облыстық ҚХА еріктілер қозғалысының төрағасы:

Бізде Ассамбленың басты мақөсаты-бірлікке ауызбіршілікке шақыру. Бәріміз бірлессек, әр қиындықтың арқаснан. Әр қиындықтан кейн жеңілдік бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында айтты әр зардап шеккен тұрғындар көмек қолы созылады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу