Су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қаупі өте төмен – Айжан Есмағамбетова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қаупі өте төмен – Айжан Есмағамбетова

25.04.2024

Су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қаупі өте төмен. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Сенат қабырғасында мәлімдеді. Оның айтуынша, су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу үшін судың қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Осы күнде 10 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Қазір судың астында 6 мыңнан астам эпидемиологиялық маңызы бар объекті қалды. Оларға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ су кеткеннен кейін сол объектілерде дезинфекциялық шаралар өткізіледі. Вице-министрдің айтуынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында мал көмілген 12 нысанды су басқан. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында зерттеу жүргізілді.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Топырақ зерттеуге алынып, оның нәтижесінде потогендік микро ағзалар анықталған жоқ. Бірақ, оған қарамастан осы сібір жарасының скотомогилниктерінде дезинфекциялау жұмыстары өткізілді. СҚО облысында әлі су астында, бірақ суды зерттеу барысында потогендік микрорганзимдер анықталған жоқ.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу