Тасқынмен күресте Ассамблея белсенді қызмет атқарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқынмен күресте Ассамблея белсенді қызмет атқарып жатыр

26.04.2024

«Тасқын басталған алғашқы күннен-ақ Ассамблея стихиялық құбылыстармен күрестің басы-қасында белсенді қызмет атқаруда». Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына баға берді.

Сессияда Мемлекет басшысы ҚХА-ның маңыздылығы мен рөлін, әсіресе, сындарлы кезеңдегі Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін тағы да атап өтті. Президент балаларды іргелі құндылықтар негізінде тәрбиелеуге баса назар аудару қажет екенін тілге тиек етті. Президенттің алдымызға қойып отырған міндеттерін отандастырымыз орындай алады деп сенемін. Бірліктің арқасында біз Әділ Қазақстанды – мүмкіндіктері тең қуатты мемлекетті құра аламыз.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу