Сенат қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған заңды мақұлдады

26.04.2024

Сенат қымбат дәрі-дәрмекке қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған заңды мақұлдады. Қарастырылып отырған заң зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісімге толықтыру енгізілетін хаттаманы ратификациялауға бағытталған. Бұл Хаттама Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне толықтырулар енгізуді қамтиды.

Хаттамаға сәйкес, дәрілік заттарды экспорттау мақсатында мәжбүрлеп лицензиялауды кеңейтілген түрде қолдану тәртібі айқындалады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу