Батыс Қазақстанда жағдай тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жағдай тұрақталды

26.04.2024

Жайықты бекемдеуге 240 шақырым бөгет нығайтылды. Өзеннің су деңгейі күн сайын бақылауда. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің реми өкілі Асқар Шәріп айтты. Осы уақытқа дейін республика бойынша су тасқыны болған өңірлердегі 35 мыңнан аса адам үйлеріне оралған. 8 мың 500 адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр. Солтүстік қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 мыңнана аса суда қалған үйлер тазартылған.

Батыс Қазақстан облысында тасқын бойынша жағдай тұрақталды. Қазір су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Өңірге көмекке барған Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы Атырау облысына жіберілген. Құтқарушылар Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізеді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу