Ақмола облысында 7 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 7 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр

27.04.2024

Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында құрылған 7 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр. Оның құрамына 11 маман кірген. Қазір олар табиғи апаттың салдарынан дүние-мүлкі бүлінген халыққа өтемақыларын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қоса, штаб мүшелері тұрғындарға жылы киім-кешек, дәрі-дәрмек сынды тұрмысқа қажетті заттарды үлестіріп, психологиялық көмек көрсетуде. Бұл жұмысқа 140-тан астам ерікті де белсенді атсалысуда.

Ермек Нұғыман, Ақмола облыстық қоғамдық штабтың төрағасы:

Бес ауданға көмек аттандырдық. Онда сол тамақтар бар, төсек-орындар бар. Жылы киімдер бар. Бұланды ауданына, Жақсы ауданына, Жарқайың ауданына, Астрахан ауданына, Атбасар ауданына жібердік. Сондай-ақ, сол аудандарда да штаб құрылған. Сол штабтармен тікелей бірге жұмыс атқарып жатырмыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу