Жайық өзенінің Батыс Қазақстан облысындағы су деңгейі қауіпті межеден 9 сантиметрге түсіп, 8 метр 41 сантиметрді құрады. Десе де 100-ден астам саяжай әлі суда тұр. Мамандардың айтуынша, оның тартылуына біршама уақыт керек.
Тасқынның беті қайтып, жағдай тұрақтала бастағаннан кейін жан-жақтан көмекке келген құтқарушылар мен әскерилер үйлеріне, бір бөлігі Атырау облысына көмекке жіберіліп жатыр. Сондай-ақ, су басқан Қаратөбе ауданындағы жол участкелерін, бір айға көлік қатынасынсыз қалған 9 ауылдың жолдарын қалыпқа келтірген «ҚазАвтоЖол» мекемесін де мамандарын аймақ тұрғындары шығарып салды.
Айта кету керек, аталған мекеменің көлік жүргізушісі өз өмірін қатерге тігіп, саяжайда тасқын құрсауында қалған тұрғындары құтқырауға да ат салысқан еді.
Нұрсұлтан Тілектес