Ғалым, профессор Жайлаубай Қыдырбаев өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым, профессор Жайлаубай Қыдырбаев өмірден озды

29.04.2024

Ғалым , профессор Жайлаубай Қыдырбаев 77 жасқа қараған шағында өмірден озды. Көрнекті ғалым елімізде вирусология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға зор үлес қосқан. Өмірінің соңына дейін ғылымнан қол үзген жоқ. Соңғы жылдары ірі қара, ұсақ мал және адам бруцеллезіне қарсы векторлық вакциналарды әзірлеуге қатысты. Халықаралық және отандық жобалардың менеджері болып ғылыми жұмыстарды атқарды.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу