Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталады

29.04.2024

Бүгін Ақтөбе қаласында тасқын судан зардап шеккендерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталады. Материалдық шығынды есептеуге бағытталған шара бойынша Астана және Алматы аудандарында өтініш қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Өтініш берілген соң арнайы комиссия барып тексеріп, техникалық сараптама жүргізеді, бақылау қорытындысын негізге ала отырып, заңнама аясында зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Айта кетейік, Алматы ауданы бойынша 3300-ден астам өтініш түсті. Қазір 35 үй апатты деп танылды. Барлығы 100-ден астам үй иесі материалдық шығынды алып үлгерген. Ал Астана ауданы бойынша 108 өтініш түсіп, 39 өтініш бойынша материалдық шығын өтелді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу