Экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды

30.04.2024

Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Тәріп сақшылары 200-ге жуық қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. Сондай-ақ, тыйым салынған 15 мың метрден асатын балық аулау торлары, 9 тонна балық, 3,5 мың ақбөкен мүйізі және 135 аңшы мылтығы тәркіленген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу