Машина жасау саласын тың өзгерістер күтіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Машина жасау саласын тың өзгерістер күтіп тұр

02.05.2024

Өскемендегі техникалық оқу орнында ашылған көлік құрастыру шеберханасында жас мамандар автокөліктің барлық түрін құрастыру, жөндеу диагностика жасаудың толық жүйесін үйренуде. Былтыр желтоқсан айында президент тапсырмасы бойынша қытайдың авокөлік құрастырудағы әлемге әйгілі «Лу Бань» шеберханасы өңірде жұмысын бастады. Ал ақпан айында Президент осы шеберхана жұмысымен танысып,үкіметке еліміздің барлық өңірінде ашуды тапсырды. Қытайдың Тяньцзинь институты шеберхананы толық жабдықтаған. Қытай мемлекеті 1 миллион долларды инвестиция ретінде беріп отыр. Алғашқы кезеңде шеберхана жасақталып, қажетті құралдармен жабдықталды. Қазір толық іске қосылды. 15 оқытушы -инженер Қытайдағы «Лу Бань» шеберханасына барып тәжірибе алмасып қайтты.

Әсия Машкенова, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ академиялық қызмет басқармасының басшысы:

Біздің мына оқытушыларымыз келесі уақытта да сол Қытай Тяньцзинь кәсіптік институтына барады.Тамыз сол осы 15 адам барып конференцияға қатысып, өздерінің біліктілігін арттыру деген мәселелердің бәрін көрсетіп, сонымен қатар электромобильдің құрлысын тағы басқа мәселелерін акумуляторлық мәселелерін туралы сондай жұмыстардың бәрін айтып кетеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу