Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді. Нөпір суды бірінші болып қабылдайтын Индер ауданында су бірден 32 см-ге көтеріліп, жалпы деңгейі - 750 см-ге жетті. Қауіпті меже – 845 см. Ал, Махамбет ауданындағы гидробекетте су деңгейі - 795 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгейге 1 метрдей қалды.
Ал Атырау қаласында су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Жалпы деңгейі 459 см-ге жетіп отыр. Қазір өңірде 515 шақырым бөгет тұрғызылды. Жаға бекіту ждұмыстары аяқталуға жақын.