Ақмола облысында бір ауылдан 250-ге жуық жылқы жоғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бір ауылдан 250-ге жуық жылқы жоғалды

02.05.2024

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Қызылсая ауылынан 250-ге тарта жылқы жоғалды. Биыл үскірік аяздан жайылым қатқақтап, көк мұзда тебіндей алмаған жылқылар жан-жаққа шашырап кеткен. Ауыл халқы жоғалған жануарлар қар кеткенде табылып қалар деп үміттенген. Алайда, көктем келгелі бері тек 25 малдың өлексесі табылды. Ал қалған жылқылар Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының аумағына өтіп кеткен болуы мүмкін,-дейді тұрғындар.

((СНХ: Батырбек Сәденов ауыл тұрғыны

Осы малдың бәрі Петропавл, төменге қарай кетіп қалды ма деп, Қызыл туға кетті ме деп ойлап, іздеп жатырмыз. Бірақ, таба алмай жатырмыз. Сол төңіректің біразына жігіттер барып, қарап келді. Көрдік, білдік деген адам жоқ .))


Хабарламаларға жазылу