Астанада биіктен құлап, мерт болған төрт жұмысшы: Жұмыс беруші сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада биіктен құлап, мерт болған төрт жұмысшы: Жұмыс беруші сотталды

06.05.2024

Астанада 9-шы қабаттан құлап қаза болған өнеркәсіптік альпинистер ісі бойынша жұмыс берушіге сот шешімі шықты. Еске салайық, былтыр 13-ші қазанда төрт өнеркәсіптік альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер олардың екеуінің өмірін сақтап қала алмады. Кәсіпкер кабельдің техникалық жағдайы мен жарамдылығын тексермей, қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды. Төрт жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу