Қостанайда полиция қызметкерлері соғыс құрбандарына тағзым етіп, майдангерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұл іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылды. Облыс аумағында ауған соғысына және басқа да ұрыс-қимылдарға қатысқан ішкі істер саласының 100-ге тарта ардагері бар. Бүгінгі іс-шараға олардың бірқатары арнайы шақырылды. Өздерінің майдан жолынан естелік айтып, кейінгі толқын әріптестерін отансүйгіштікке, антына адалдыққа үндеді. Жалпы Қостанай облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 73 мыңнан аса адам аттанған. Олардың қатарында ішкі істер саласының қызметкерлері де болды.
Сапабек Құлбеков, облыстық ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Атқарған ісін кейінгілер ұмытпаған адам өлмейді» деген сөз бар. Сондықтан біз Отан алдындағы антына адал болған аталарымыздың, өз замандастарымыздың ерлігін кейінгіге үлгі-өнеге етуге тиіспіз. Туған елге адал қызмет ету – осылай өткенді құрметтеп, қастерлеуден басталады.
Дәуренбек Әбдібек