Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнату туралы келісім 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келісімге былтыр Мемлекет басшысының Вьетнамға жасаған сапары кезінде Ханой қаласында қол қойылған. Құжат екі жақтың азаматтары үшін визалық талапты алып тастауды көздейді. Мамандар бұл сауда-саттық көлемі мен елімізге Вьетнамнан келетін туристер санын арттыруға сеп дейді.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кіргеннен бастап күнтізбелік 30 күн ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.
Досжан Маратұлы