Жолда жүру ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолда жүру ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілді

06.05.2024

Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді. Бұдан былай бір жолақты жолда, көлікті басып озғандар жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Бір жолақты жол дегеніміз – сіздің және қарама-қарсы бағытта жүретін көліктің жолы. Осы сәтте, сіздің алдыңызда келе жатқан көлікті озып кетуге болмайды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап қоғамдық көлік жүретін арнайы жолақта автобус ғана жүрмейді. Жолаушылар орындығының саны 8-ден жоғары болған көліктерге де рұқсат берілді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу